Жалған "ксива" пайдаланған Нұрбол қазақстандықтардан кешірім сұрады

Primary tabs

Мау 06, 2021 / 0 комментарии

Полицейлерге өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырған Нұрбол Кәрімов барша қазақстандықтардан кешірім сұрады. Оның видеосы желіде пайда болды 

Осыдан бірнеше күн бұрын желіде Нұрбол есімді азаматтың өзін полицейлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, жалған "ксива" көрсеткен видеосы тарап кетті.

Ер адам көлікке оралған бойда тәртіп сақшылары өзімен амандасу үшін тоқтатқанын айтқан. Нұрбол полиция қызметкерлеріне телефонындағы қызметтік куәліктің фотосын көрсеткен. Осы ретте ол полицейлерден әкімшілік хаттама толтырмауды өтінген. Қос тарап арасындағы әңгіме видеожетонға жазылып қалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, аталған адамның ведомствода ешқашан жұмыс істмегенін айтты. Нәтижесінде азаматтың оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгін әлеуметтік желіде жаңа видео пайда болды. Онда ер адам өз кінәсын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Мен Талғар ауданының тұрғыны Кәрімов Нұрбол өзімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, танымал тұлғалардың аты-жөндерін пайдаланғаным үшін барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын", - деді ол.