«Almaty CPS» компаниясы «Рахат» базары басқарушы компаниясының айыптауына қатысты жауап берді

Primary tabs

Мау 11, 2021 / 0 комментарии

«ТКМ» ЖШС мен «Almaty CPS» ЖШС арасындағы Алматыдағы «Рахат» базарын заңсыз басқаруға қатысты талап-арыз бойынша сот дауы әлі де жалғасуда. 

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің қаулысымен базар аумағы жалға беру мерзімі өткен соң жиһаз фабрикасын салу үшін «Almaty CPS» ЖШС-не берілген болатын. «ТКМ» ЖШС бұл шешімнің заңдылығын даулап отыр. Бірақ ол 3 сот процесінде жеңіліс тауып, өз талабының заңды екенін дәлелдей алмады.

Жұмағали Әмірбеков, «Almaty CPS» ЖШС-ның құрылтайшысы және басшысы:

Біздің компаниямыз 2 жыл ішінде, яғни 2020 жылғы 6 ақпанда және 28 шілдеде, сондай-ақ 2021 жылғы 26 ақпанда 3 сот процесінде жеңіп шықты. Осы арқылы біз «Жиһаз фабрикасын салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін жер телімінің бізге бөлінуінің заңды екендігін түпкілікті дәлелдеп шықтық. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазір «Рахат» базары орналасқан Солтүстік айналмадағы 0,9 га көлеміндегі жер телімі бізге 2019 жылдың маусымында бөлінді. Әкімдік көрме павильондары бар жиһаз фабрикасын салудан бөлек, бұл жер телімін «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіруді нақты жүктеді. Мәселе мынада, «ТКМ» ЖШС-нің жалдау мерзімі 2018 жылы аяқталып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол жер телімін пайдаланған 20 жыл ішінде толықтай антисанитариялық жағдайда бейберекет және бақылаудан тыс сауда ұйымдастырған. Менің ойымша, әкімдік бұл компаниямен жалдау мерзімін алдымен осы былығы үшін, сауданың өркениетті жағдайларын жасаудан, бөлшек сауда үй-жайларын жаңартудан бас тартқаны үшін ұзартпаған.

Өкінішке қарай, базардағы осы бейберекетсіздік әлі де жалғасуда, өйткені «ТКМ» ЖШС-тің кететін түрі жоқ. Онда темір контейнерлер тұр, маңайдың бәрін антисанитария жайлаған, ақыр аяғы қарапайым тұрмыстық жағдай жасалмаған, тіпті дәретхана да жоқ. Контейнерлердің қысқы уақытта қалай жылытылатыны түсініксіз. Ал жазда адам төзгісіз аптап ыстық.