Ашық тоқ сымдары жолда жатқаны қалай ?

Primary tabs

Мау 12, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысы, Қаскелең қаласының тұрғыны Kaskelen.kz редакциясының Instagram парақшасына Қызылсай көшесінде салбырап жатқан тоқ сымдарының видеосын жолдады.

Видеода адамдар жүретін жолдарда тоқ сымдарының жатқаны байқалады.Сонымен қатар, видеода ойнап жүрген балалар да түсірілген.Балалардың тоқ сымдарынан зардап шекпеуіне кім кепілдік береді ?

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда 32 жастағы ер-азаматты тоқ соғып, салдарынан қаза тапқаны туралы хабарланған еді.Бұл оқиғаға да ашық салбырап жатқан тоқ себеп болған.