Шарын шатқалында қыз баланы құтқарғандар марапатталды

Primary tabs

Мау 15, 2021 / 0 комментарии

Шарын шатқалында қыз баланы құтқарған құтқарушылар марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен Шарын шатқалындағы 10 жасар қызды құтқаруға қатысқан 20 адам марапатталған.

Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің Гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов Шарын өзенінің жағасында сел ағызған қызды бірінші болып байқады.

"Қазавиақұтқару" АҚ Еурокоптер - 145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушысын құтқарылған қызбен бортқа алу үшін шапшаң өзгеретін ауа ағындары жағдайында жартас массивіне қауіпті жақындықта ілінуге тура келген кезде әуе кемесінде жоғары пилотажды көрсетті.

Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков баламен құтқарушыны өзен арқылы тасымалдау үшін тікұшақ шаңғысына қосарланған арқанды бекітіп, сақтандыру ұшын тастап ауа арқылы көтеру идеясына ие. Ал, жедел жәрдем қызметкерлері қызға медициналық көмек көрсетті. 

Құтқарылған 10 жасар қыз дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тікұшақпен Боралдай кентінің әуежайына жеткізілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті орындағаны үшін Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов, Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков, " Қазавиақұтқару" АҚ Еурокоптер-145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал марапатталды.

Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының ТЖБ бас маманы Ринат Аблемитов, РЖҚЖ құтқарушылары Мұқанғали Қабылов, Бейсенғали Дүйсебаев, Вячеслав Смолов, Салтанат Назимова, Бекжан Қарағушинов, Вячеслав Шегер, Юсуф Жакан, Біржан Байкулов, Мақсұт Серғазин, Любовь Ефремова алғыс хаттарға ие болды. Ұйғыр ауданының жедел медициналық жәрдем бригадаларының 16/1 және 16/2 қызметкерлері Данияр Нүсіпалиев, Берікбол Мақтыбаев, Гүлнар Қожа, Яршат Махамбет, Ұлан Бағдатов да марапатталды. 

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шегіп, бір оқушы жоғалып кеткен еді. Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті. Сондай-ақ, сел кезінде жоғалып кеткен оқушы қыздың табылғаны хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларды құтқарамын деп мерт болған № 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Ибрагимовтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сонымен қатар, президент марқұм Мерей Ибрагимовті "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.