Бурабайда адамдар мінген яхта аударылды
Primary tabs
Бурабайда дауыл салдарынан қайық аударылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайықта екі адам болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша олар судағы адамдардың қолын көтеріп, көмек сұрағанын байқаған. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.
"Құтқарушылар келді. Қазір жаңбыр тоқтады, толқын басылды. Адамдар судың ішінде қайықтың шетінен ұстап тұрды", - деп хабарлайды оқиға орнынан тілші. Ақмола облысында дауыл туралы ескерту жарияланған болатын.
Синоптиктер күн күркіреуі, бұрқасын, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі деп ескерткен болатын. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыстқа ауысады, түнде секундына 15-20 метрге дейін жететін жел, күндіз секундына 15-20 метр болады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.