Араларында кикілжің болған: Алматы облысында 17 жастағы қыз құрдасын пышақпен жарақаттаған

Primary tabs

Мау 21, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысында 17 жастағы қыз замандасын пышақпен жарақаттаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні Қаратал аудандық полиция басқармасына Орталық аудандық ауруханадан хабарлама түскен. Дәрігерлер Бастөбе ауылының 17 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алғанын айтқан.

Тергеу барысында анықталғандай, зардап шеккен қыздың 17 жастағы күдіктімен мектептен таныс және араларында жағымсыз қарым-қатынас болған. Оқиғадан бір күн бұрын олардың арасында көшеде кикілжің туындаған.

Мәселені соңына жеткізу үшін жәбірленуші танысын түнде кездесуге шақырып, ұра бастаған. Соққының астында қалған екінші қыз қашып құтылып, өз үйінің ауласында жасырынған. "Ол жерден жиналмалы пышақ тауып алып, артынан келген замандасының ішінен ұрған. Қылмыс құралы айғақзат ретінде тәркіленіп, іске дәлел ретінде тіркелді. Күдікті ата-анасының қолына тапсырылды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру яғни, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, полиция Панфилов ауданында 19 жастағы тұрғынның төсегінен, яғни матрац астынан пышақ пен тапанша тапқанын хабарлады. Тәртіп сақшылар қаруды "Қару" жедел-профилактикалық шара барысында анықтаған.