"Мал қора секілді": Алматы облысындағы мектеп дәретханасы Казнетті шулатты

Primary tabs

Мау 22, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысындағы мектеп дәретханасы желі қолданушыларын шулатты. Әкімдік жағдайға түсініктеме берді

Видеоны Алматы облысының тұрғыны Сандуғаш Дүйсенова жариялады. Ол жазба Панфилов ауданының Қырыққұдық ауылында жасалғанын айтты.

"Жаңа дәретханалар салынды, бірақ оған оқушыларды кіргізбейді! Неліктен екенін білесіз бе? Су жоқ. Негізінде, су бар. Бірақ ол жеке иелікте.  Олар суды тек таңғы 9 - дан кешкі 12-ге дейін жібереді", - деді Сандуғаш Дүйсенова.

Кадрдан дәретхананың ағаштан салынғанын байқауға болады. 

 

"Мектеп 1985 жылы салынған. 2020 жылы мектеп ішінде 3 миллион 526 мың теңгеге ішкі дәретханалар салынды. Мектепте су орталық жүйеге қосылған. Ауылдағы ауыз су мәселесі бойынша: мектепке күн сайын сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін су беріледі. Сонымен қатар, сыйымды бір тонналық су қабылдағышы бар. Су мектепте тұтынуға жеткілікті. Ескі мектеп дәретханалары министрлік тапсырмаға сәйкес жаңа оқу жылы басталғанға дейін толығымен жойылады", - деп хабарлады Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.