АҚШ инфляциясы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін бе

Primary tabs

Мау 22, 2021 / 0 комментарии

АҚШ-та мұндай инфляция 2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыс кезінен бері болған емес. Бірақ реттеуіш монетарлық саясатты қатаңдатудан бас тартып отыр. Deutsche Bank әрекетсіздік ешқандай жақсылыққа алып келмейтіні туралы ескертті. Бұл әлем экономикасына да қауіп төндіріп отыр, деп жазды РИА Новости.

 

Мамыр айында АҚШ инфляциясы жылдық көріністе бес процентке дейін өсті. Энергия тасымалдағыштар мен азық-түлік сияқты құбылмалы тауарларды есепке алмағанда тұтынушылық бағаның негізгі индексі өткен жылмен салыстырғанда 3,8 процентке артты. Бұл 1992 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Барлығы – автомобиль, тұрмыстық техника, жиһаз, авиабилеттер, киім-кешек, азық-түлік қымбаттады.

Дүниежүзілік банк экономистері инфляцияның таргеттеуін қолданатын елдердің (Ресейді қоса алғанда) алаңдауына еш себеп жоқ екеніне сенімді: көрсеткішті нысаналы диапазон шегіне қайтару мүмкін болады.

 

Бірақ АҚШ-тағы жағдай мүлде басқа. Федералды резервтік жүйе әрекетсіз отыр. Наурызда ФРЖ басшысы Джером Пауэлл таргеттің уақытша екі процентке өсуі проблема емес екенін айтқан болатын.

Тұтынушылық бағаның шарықтауына не себеп болғаны белгілі. Пандемия басталған шақтан бері америкалық билік баспа білдегін бар қуатқа қосып, 6-9 триллион доллар жұмсап тастады. Ал Джо Байден билікке келгеннен кейін ел экономикасына тағы екі триллион доллар бөлінді. Бұл көбіне әлеуметтік саладағы ынталандырулар.

 

Ақшаның көптеп шығарылуы мемлекеттік қарызды тағы ширек көрсеткішке арттырды. Енді бұл 28 триллион доллардан (жылдық жалпы ішкі өнімнің 130 процентіне жуық) асты.

 

Экономист мамандар экономикадағы жаңа салымдар жақсылық әкелмейтінін ескерткен болатын. Өндіріс көлемінің сәйкес үлгіде өсуі жоқ кездегі қағаз ақшаның шамадан көп болуына байланысты бюджет жүктемесі артып, баға шарықтайды. Инфляциялық қауіп артық көлемдегі жинақтардың жоғары деңгейінде кейінге қалдырылған тұтынушылық сұранысты күшейтеді. Пандемия кезінде америкалық тұтынушылар 1,6 триллион доллар жинап, енді соны жұмсауға көшті.

 

Жаңа басып шығарылған қағаз ақшаның көлемді ағыны америкалық валютаға үлкен соққы болды. Күн сайын арзандап жатқан доллар инвесторлар үшін тартымдылығынан айырылуда. 2020 жылы ол еуромен салыстырмалы түрде алғанда 0,8934-тен 0,8149-ға дейін, шамамен тоғыз процентке құлдырады. 2021 жылы тағы бес-алты процентке әлсіреуі мүмкін.

 

Тағы бір фактор – бюджетке қысым. 2020 қаржы жылында оның тапшылығы 16,1 процентті (3,1 триллион доллар) құрады. Бұл үкімет ауқымды әскери шараларға үлкен көлемде қаражат бөлген 1945 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

 

Әйтсе де федералды резерв жүйесі экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде айтарлықтай ілгерілеу байқамайынша пайыздық мөлшерлемені арттырмайтынын мәлімдеді.

 

"Қарсы күрес жүргізудің нақты жоспары керек. Салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын тұлғалар олардың шешімдері кімге зиян келтіруі мүмкін екенін түсінулері керек. Америкалықтардың 87 проценті бағаның өсіп жатқанына алаңдап отыр. Пауэлл мырза инфляцияның күрт өсуін мойындап, мұны уақытша кедергі деп бағалауын доғаруы керек", - деп мәлімдеді сенатор Рик Скотт.