Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Primary tabs

Мау 22, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлия Мүбаракқызы Оңғарбекова Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлия Мүбаракқызы 1981 жылы туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Текелі қаласы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

 

Әр жылдарда Текелі қаласы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті индустриялық және инновациялық саясат бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, бастығы, «Алматы облысының мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту» ЖШС инвестициялық жобалар сараптамасы басқармасының бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, басшысы болды.

 

2019 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.