Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді
Primary tabs
Алматы облысында 13 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы тәулікте КВИ-дің 13 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,05%, оның ішінде 7 - симптоммен (53,8%) және 6 - симптомсыз (46,2%) жағдай. 20 маусымда облыс өңірлері бойынша КВИ көрсеткіші Жамбыл ауданында - 3, Қарасайда - 1, Қараталда - 1, Кербұлақта -1, Талғарда - 2, Талдықорған қаласында – 5 жағдайдан тіркелді» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 21 маусымға шейін облыста КВИ-дің 27 006 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптоммен - 16 966.
«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (06.06-12.06), 0,1% дейін азайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Қаратал - 0,3%, Талғар -0,2% аудандарында байқалады. 26 037 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде стационардан 9 пациент емделіп шықты. 15 адам үйден оқшаулаудан шығарылды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.