"Үнді" штамы Алматы облысында анықталды
Primary tabs
Коронавирустың "дельта" жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы Алматы облысының Талғар ауданында тіркелді. Бұл ақпаратты Талғар облыстық ауруханасының бас дәрігері Хасен Дасибеков растады.
Sputnik Қазақстан-ның хабарлауынша, Дасибеков әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындарына үндеу жасап, Талғар облысында "дельта" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін жеткізген.
"Ауданда "дельта" штамының алғашқы жағдайы тіркелді. Ол бұған дейін анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Орташа алғанда бір адам бес-алты адамға ауру жұқтырады. Инкубациялық кезеңінің қысқалығымен ерекшеленеді. Мұны жұқтырған адамның буындары қатты ауырып, жүрегі айниды. Сақ болыңыз, өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыздар", – дейді дәрігер.
Сонымен қатар, Хасен Дасибеков жаңа штамды жұқтырған жағдайда салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін ескертті
Адам тіпті саңырау болып қалуы мүмкін, оған қоса өлім қаупі де жоқ емес. Дәрігер қазақстандықтарға бетперде режимін сақтай отырып, коронавирусқа қарсы вакцина алу арқылы өздерін қорғауға кеңес береді. Айта кетейік, бұған дейін коронавирустың жаңа штамын Алматыда 36 адам жұқтырғаны туралы хабарлаған едік. Мамандар қалада коронавирустың аса жұқпалы "дельта" штамы бұрынғы штамдарды алмастырып жатқанын атап өтті. Осы орайда отандық ғалым қай вакцинаның ағзаны инфекциядан жақсы қорғай алатынын айтқан еді.