Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Құрбан айт мерекесінде профилактикалық іс-шаралар өткізді
Primary tabs
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерін тарта отырып, азаматтардың демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Профилактика жүргізу барысында демалушылармен өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және су айдындарындағы демалушылардың қауіпсіздігі бойынша осы тақырыптар бойынша жадынамалар мен брошюралар таратыла отырып әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері және шомылуға арналған орындардан тыс жерлерде шомылуға жол бермеу, сондай-ақ от жағу және мангалдар кезінде абай болу туралы ережелер жеткізілді. Халықты ақпараттандыру жөніндегі бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
Алдын алу іс-шараларын өткізу барысында азаматтардың бөлінбеген орындарда суға шомылу жағдайлары анықталды. Көптеген жазатайым оқиғалар осы жерлерде орын алатындықтан, шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың полиция қызметкерлері бөлінбеген жерлерде шомылғаны үшін 34 айыппұл салып, 79 әкімшілік ескерту жасады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.