Баланың саяхаттауға арналған куәлігін қалай аламын?

Primary tabs

Тмз 23, 2021 / 0 комментарии

Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай.

 

Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет:

- туу туралы куәлік

- ата-анасының біреуінің жеке куәлігі

- 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек

 

Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет.

 

Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз.

 

Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз!