Шымкент тұрғындары вакцинаның бірінші компонентін 100% салғызды

Primary tabs

Қзн 12, 2021 / 0 комментарии

Қазақстанның үшінші мегаполисы - Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды вакцинациялау жоспарының орындалғанын хабарлады.

«Шымкент коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша жұмысты алғашқы 100 пайызға орындады. Атап айтқанда, қалада екпе алуға болатын 536 мың адам бар, олардың барлығы вакциналанған. Сонымен қатар, бұл санатқа қосымша 60 мың адам қосылды»-, деп хабарлады министрлік.

Ресми мәліметтер бойынша, Шымкентте вакцинаның бірінші компонентін 536 000 адам, екінші компонентін- 454 848 тұрғын алған.

Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Оның ішінде сегіз адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, ал 20 адамға үй карантині бекітілді.