Түркістан облысында жол апатынан алты адам каза болды
Primary tabs
Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Жетісай-Шардара автожолының 172 шақырымында Opel автокөлігі қарсы жолға шығып кетіп, Audi автокөлігімен соғысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы қаза тапты, жолаушылардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Түркістан облысы ПД. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі: «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша Шардара аудандық ПБ СДТБТ-де тіркелді.
Тергеумен Түркістан облысы ПД айналысуда.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ЖКО-ның барлық мән-жайлары анықталатын болады.