Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші көз жұмды
Primary tabs
Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр»,-делінген ведомство хабарламасында.