35 градусқа дейін аяз күтіледі: Жаңа жылға ауа райы болжамы жарияланды
Primary tabs
Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді.
Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз күтіледі.
30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады.
Қаңтарда минус 35-40°С аяз: Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.
Республика бойынша тұман болжанады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді.