24 қаңтардан бастап, Алматыдағы жаппай тәртіпсідіктен зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды
Primary tabs
Бүгіннен бастап зардап шеккен адамдарға өтемақы төлене бастайды, деп хабарлайды Kaskelen.kz желілік басылымы Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. Қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеровтың айтуынша, өтемақы төмендегі көлемде төленеді:
ауыр жарақат алғандарға – 2 млн теңге,
орташа жарақат алғандарға – 1 млн теңге,
жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге.
Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген 3878 полицейге, 1207 төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне, 3888 қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкеріне, 93 құтқарушыға 100 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.