Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы қандай мәселені талқылады?
Primary tabs
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті", - деді Берік Уәли.
Ақорда мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.
Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.