Тимур Бекмамбетов Украинадағы оқиғалар туралы фильм түсіреді

Primary tabs

Нау 16, 2022 / 0 комментарии

Тимур Бекмамбетов Украинадағы оқиғалар туралы фильм түсіреді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Қазір Израильде жүрген Тимур Бекмамбетов америкалық Deadline интернет журналына сұхбат берді. Режиссер Украинадағы соғыстың цифрлық жағын негізге алып DWW1 деректі фильмін түсірмекші екенін айтты. Бекмамбетовты «Ауғанстаннан қашу» атты алғашқы фильмі шабыттандырды.

 

Бекмамбетовтың айтуынша, еуропалық кинофестивальдар ресейлік фильмдерді көрсетуден толықтай бас тартты.

 

Бұған дейін рэпер Моргенштерн анасының дауысымен аяқталатын Украинадағы оқиғалар туралы «12» әніне бейнебаян шығарған болатын. Бейнебаянда әйел бомбадан қорғайтын орын туралы айтады.

 

Рэпер Оксимирон Түркияда қайырымдылық концертін жариялады. Сатылған билеттерден түскен барлық пайда украиналық босқындардың балаларына көмектесетін  үкіметтік емес поляк ұйымының шотына аударылады.