Сыныптасы көзіне қалам тығып алған ШҚО оқушысы

Primary tabs

Қзн 14, 2022 / 0 комментарии

Еркеғали Нұрланның сол көзіне сыныптасы сабақ үстінде қаламсап лақтырып, ауыр жарақаттағанОған "көздің мүйізгек қабығы" диагнозы қойылған. Толық мән-жайтты сіздерге kaskelen.kz тілшісі kaz.nur.kz сайтына берген сұхбатынан айтып береміз. 

Әкесінің айтуынша, ұлының көзінен тоқтамай қан ақса да, ешкім мән бермеген, жедел жәрдем де шақырмаған.

"Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында  тұрамыз. Балам осындағы Әбдікерім атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқып жүрген еді. 2021 жылдың 16 ақпан күні баламды әдеттегідей мектепке шығарып салдым. Түскі сағат 12-де сынып жетекшісі хабарласты.

Барсақ, баламның көзін қан жауып кеткен. Мектеп директоры да, тәрбие жөніндегі орынбасары да орнында жоқ. Сынып жетекшісі де әрі қарай сабағын жалғастыра берген. Содан дереу Қатонқарағай аудандық ауруханасына апардық. Тіпті, баламның көзін шығарған сыныптасының ата-анасы да бейқамдық танытқан.

Еркеғали Нұрланның әкесінің айтуынша, осы отадан кейін мектеп ұжымы 66 мың мен ұлының сынып жетекшісі 100 мың теңге ақша жинап берген.

"Бір қынжылтарлығы, көзін жарақаттаған баланың ата-анасы ота жасалған ұлымның жағдайын бізден емес, орталықтан біліп отырды.

Балаларымды мектепке апаруға қорқамын. Сап-сау жүрген баламның көзі мынадай болды. Қолымда 80-ге келген әкем мен 76 жастағы анам бар. Шешем көзден, әкем құлақтан қалған. Ұлымның көзін жарақаттаған баланың отбасы қолы қысқа болса, бір сәрі. Мыңғырған малы бар. Баламның көзіне ота жасауға көмектессе, жолы еді ғой.

Ертең ер жеткенде "Әке, ақшаңды аядың ба? Неге емдетпедің?" деп айта ма деп қорқамын. Нан пісірумен айналысатын шағын наубайханамыз бар еді. Баланы емдетеміз деп әрі-бері шапқылап, жұмыс та тоқтап қалды. Қазір әке-шешемнің зейнетақысына ғана күн көріп жүрміз", – дейді ол.   

Қазір Еркеғали Алматыдағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Өткен аптада ота жасалған. Көз – нәзік нәрсе. Бала тұрмақ, ересек адамның өзі жай кірпік түссе де, мазасызданып кетеді. Бұл оның бесінші отасы. Оған дейін Ресейдің Новосібір қаласына екі рет барса да, ота жасауға қаражат жетпей қайта келген. Қазір баланың сол көзі 2 пайыз ғана көреді.

"Ұлымның арманы – "Жас ұлан" мектебінде оқып, әскери маман атану еді. Енді міне, оны әскерге де алмайды. Сап-сау жүрген балам 3-топ мүгедегі болып қалды. Көз ауруларын емдейтін талай орталыққа бардық. Бірақ ешқайсысы кепілдік бермейді. Ендігі бар үміт – Санкт-Петербург қаласының мамандарында. Мұнда бару үшін кем дегенде 7 миллион теңге керек екен. Қайырымды, мейірімді жандар көмектессе, баламның көзінің 50 пайызын сақтап қалсақ деген әкелік арманым Солардың орнында болсам "біреудің баласына зақым тимеді ме екен?" деп шыр-пыр күйге түсер едім. Сөйтіп, әйелім ауданнан жедел жәрдеммен Өскемендегі "Ана мен бала" орталығына алып кетті. Алғашқы ота төрт сағат жасалды. Он күн жатты. Наурыз айында жібін алғызған кезде көзінің 25 пайызы ғана көреді деген қорытынды шығарды", – дейді баланың әкесі Серік Әкімбаев. 

РЕКВИЗИТ:

8778 975 10 26 Серік А. – әкесі

Карта нөмірі: 4400 4302 8874 1397 – Serik Akimbayev