Қазақстандық оқушы маникюр жасаудан әлем чемпионы атанды
Primary tabs
Арулат Мұхамедәли атты 14 жастағы қазақстандық оқушы маникюр жасаудан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz.
"Сүйінші ! Әлем чемпионы атандым. Достар, құттықтасаңыздар болады. Мен nail-индустриядағы өз санатым бойынша чемпион атандым. Ұйқысыз өткен түндерім босқа кеткен жоқ, өте бақыттымын. Әрбір чемпионат маған алға басып, өзіммен жұмыс істеу үшін жаңа мүмкіндік береді. Маған қолдау көрсететін ата-анама рахмет!, - деп жазды Арулат.
Тырнақты ұзарту және сәндеу жөніндегі чемпионат Мәскеуде өткен.
Айта кетелік, Арулат Мұхамедәлі осыдан бірнеше жыл бұрын өзінің ерекше өнерімен көзге түсіп, желі қолданушыларын тәнті еткен болатын.