Дәрігерлер қызылшадан сақтануға шақырды

Primary tabs

Қаң 25, 2019 / 0 комментарии

Қарасай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері тұрғындарды қызылша ауруынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бұл туралы хабарламаны аудандық аурухана өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады.

«Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз. 
Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады» делінген жазбада.