Бір өлеңі бір елдің тарихындай

Primary tabs

Ақп 21, 2019 / 0 комментарии

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты.Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.Бүгінде Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің  аспанында ерекше нұрланып,жанып,жарқырап көрініп тұр. Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан  Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды! Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.

Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп -қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

Таяуда ауданымыздағы М.Мәметова атындағы орта мектепте ақиық ақынның туған күніне орай өткен «Бір өлеңі бір елдің тарихындай» атты әдеби-сазды кеште жоғарыда айтылғандардың барлығы толықтай сараланып, оқушыларға үлгі етілді.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі А.Бейсееваның жетекшілігімен өткен шараның басты мақсаты: ғасырлар тоғысында М.Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату. Ақын поэзиясының кең таралуына және оның өлеңдерін оқи отырып, балаларды адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке, әнінен эстетикалық ләззат ала білуге бағыттау. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.Мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын дамыту.

Шара барысында оқушылар Мұқағалидың «Менің анкетам», «Шеше сен бақыттысың», «Анашым», «Қайран жеңгем», «Ақ кимешек көрінсе»,«Отан», «Үш бақытым», «Қазынам бар», « Махаббат диалогі»,«Мен сені  сағынғында»,«Қара өлең», «Ей,өмір..!» және тағы да басқа шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып, әндерін шырқады.

Кеш соңын жасөспірімдер:

Батар күн,

Туар күн,

Атар таң,

Шығар күн,

Бәріңе,Бәріңе

Бәріңе құмармын,

Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,

Өлмеймін,сірә да өлмейтін шығармын!

деп ақын аталары жырлап кетендей Мұқағалидің өлеңдері олар үшін  өшпес мұра болып қала беретіндігін айтып қорытындылады.