Қарасайлық азаматтарды құрметтеді

Primary tabs

Мамыр 07, 2019 / 0 комментарии

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, әр салада еңбек етіп жүрген қарасайлық азаматтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.  

Салтанатты шара Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында өтті. Бұл күні аудан әкімі Жандарбек Далабаев бастаған Қарасай жерінің әр саласында тер төгіп жүрген ерлерге үлкен құрмет пен сый-сияпат көрсетілді. Жандарбек Ермекұлы өз сөзінде барша мереке иелерін атаулы күнмен құттықтап, олардың жетістіктерін алға тартып, жақсы тілегін білдірді. Сонымен қатар, бірқатар еңбегі еленген қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Аудан өнерпаздарының күшімен қойылған концерттік бағдарлама да жиналғандардың көңілін көтеріп, салтанат сәнін арттырды.