Әйелдерді қорғау орталығы қызметкерлері қарасайлық азаматтармен кездесті

Primary tabs

Мамыр 23, 2019 / 0 комментарии

Талдықорған қаласындағы әйелдерді қорғау орталығы арнайы келіп, қарасайлық ер азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес қашанда маңызды. Себебі, бақытты елдің негізі бақытты отбасынан басталады.

Қазіргі таңда Алматы облысында құқықбұзушылықтардың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер де өзіндік үлестерін қосуда. Соның бірі ретінде Талдықорған қаласындағы әйелдерді қолдау орталығын айтуға болады. Аталған орталық үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап "Алматы облысында агрессор ер адамдар үшін психологиялық орталық" жобасын жүзеге асыруда. Бұл жобаға облыстық Полиция департаменті негізгі серіктес болып отыр. 

22 мамырда үкіметтік емес ұйым Қарасай ауданына арнайы келіп, ер азаматтармен жүздесіп, шаңырақ астындағы шаттыққа жетелейтін жолдар жайлы, ер адамдардың отбасындағы міндеттері мен жауапкершілігі туралы, қоғамдағы басымдықтары мен құқықтары жөнінде кең көлемде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, орталық президенті Ж.Нұрмұханова, психологы О.Скобляшова, маманы А.Шагиахмет азаматтардың қандай кезде де өзін-өзі ұстауы, агрессорлық жағдайға жетіп өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмей, мінез-құлықына, әрекетіне есеп беруі қажеттігін де алға тартты.


Бұл мақсатта Талдықорған қаласындағы арнайы орталық психологтары көмек көрсетуге қашанда дайын екендігі, ер адамдар оларға барудан қымсынбауы немесе немқұрайды қарамауы керектігі де айтылды. 

Аудандық Полиция басқармасының ғимаратында өткен бас қосуға құқыққорғаушылармен қатар, өзге де мекемелерде еңбек ететін азаматтар қтысып отырды. Жалпы, 70-ке жуық аудан тұрғыны пайдалы әрі маңызды кездесудің куәсі болып, жиын барысында баяндамашыларға өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.   

Автор: Клара Көпбаева