Ана мен бала денсаулығы аса маңызды
Primary tabs
Сабақтың барысында жүкті әйелдерге репродуктивті денсаулық, психологиялық денсаулық, ана сүтінің артықшылықтары, отбасындағы қарым-қатынас туралы пайдалы ақпарат берілді. Дәрігер Дана Таждинова сұрақ -жауап тәсілімен репродуктивті денсаулықты сақтау, жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, түсікті болдырмау, жыныс жолымен жұғатын инфекциялардың алдын алу, адам иммундық тапшылық вирусы ,оның жұғу жолдары туралы әңгімелеп берді. Ал, психолог Сауле Султангалиева мен Ұлбике Зуфтарова ситуациялық жағдайлар ұсынып, психологиялық тесттер қолдану арқылы қатысушылардың медициналық білімін арттыруға тырысты. Қатысушылардың ой түбінде жүрген жүктілікті кезіндегі болашақ ананың ағзасындағы физиологиялық және психологиялық өзгерістер жайлы сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес сауалнама жүргізілді.