Полицейлер Шамалғанда бала ұрланды деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

Primary tabs

Қзн 03, 2019 / 0 комментарии

Қарасай аудандық полициясы ватсап желісі арқылы таралған, бала ұрлығы туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Соңғы бір апта көлемінде ватсап мессенджері арқылы Қарасай ауданында, оның ішінде Шамалған ауылында балалар жоғалып жатқаны туралы ақпарат жаппай таралған болатын. "Сәлеметсіз бе ата-аналар! Қазір біз жан түршігерлік бір жаңалық естіп отырмыз. Біздің Шамалғанда, Үшқоңыр мектебі жақта, оның ар жағындағы новостройка бар, бір кішкентай қыз кеше жоғалған екен, бүгін өлігін тауыпты. Речка жаққа біреу өлтіріп тастап кетіпті. Қанша жаста екенін білмеймін, біздің туысқанымыздың көршісі болады. Жаңа звондап білдік. "Рас па?" десек, "рас" дейді..." (автордың сөйлеу мәнері мен қолданған сөздері сақталды..-ред.) - делінген хабарламада.


Kaskelenkz тілшілері халық арасында дүрбелең туғызған бұл ақпараттың қаншалықты рас не өтірік екенін құзырлы мекеме өкілдерінен сұрады. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жауабы төмендегідей:
"Распространяемая в мессенджере Ватсап информация по похищению детей ложная и не соответствует действительности. С начала года в Карасайском районе, в том числе Шамалгане, не зарегистрировано ни одного подобного факта. Вместе с тем напоминаем, что за распространение заведомо ложной информации о преступлении предусмотрена уголовная ответственность"
Яғни, хабарлама арқылы тараған бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды. Жыл басынан бері Қарасай ауданында, оның ішінде Шамалғанда бала ұрлығы туралы бірде бір дерек тіркелмеген. Сонымен қатар, полицейлер мұндай жалған ақпарат таратудың ақыры қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді.