АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАЛДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Primary tabs

Ақп 11, 2020 / 0 комментарии

Мал тасымалдаудың қарапайым ережелерін сақтамау қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуға әкеліп, тасымалдаушы азаматтар жауапкершілікке тартылады. «Осындай фактілердің алдын алу және болдырмау мақсатында біз тұрақты негізде мақсатты рейдтер мен алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Осы шаралардың бірі - «Мал ұрлығы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын 24-28 ақпанда өткізу жоспарлануда. Аталған шара барысында кез-келген малды тасымалдау, оның ішінде көлікпен тасымалдау басты назарға алынады»,- деп хабарлайды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейір Демеубаев. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығына сәйкес берілетін №1 нысандағы анықтама болуы тиіс. Осы анықтама біріздендіру жөніндегі деректер базасында бар жануардың ветеринариялық паспорты мен жеке нөмірінің болуына байланысты өтініш берілген күні рәсімделеді және беріледі. Анықтама тағайындалған орынға дейін берілген күннен бастап бір ай бойы жарамды. Жоғарыда айтылғандарды қамтитын полиция қызметкерлері: 1) № 1 нысандағы анықтаманың; 2) ветеринариялық паспорттың; 3) жануардың жеке нөмірі бар сырғаның болуын тексереді. «Тәртіп сақшылары тарапынан қабылданған шаралар бұл қылмыс түрінің ашылуын 2018 жылмен салыстырғанда 59,1 пайызға жақсартуға мүмкіндік берді. Оның ішінде өткен жылы 2,7 есе жақсарған. Полицияның нәтижелі жұмысының арқасында 148 мал ұрлығына қатысы бар 76 қылмыстық топ ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығынның өтелуі 34,9% құрады. 2018 жылы келтірілген шығынды өндіру 64 750 000 теңге болса, 2019 жылы - 117 582 000 теңгені құрады», - деп толықтырды полиция майоры Мейір Демеубаев. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі _________________ КАК ПРАВИЛЬНО ПЕРЕВОЗИТЬ СКОТ РАЗЪЯСНИЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ Зачастую, из-за несоблюдения элементарных правил перевозки скота, подводящие к нарушениям норм законодательства, граждане привлекаются к ответственности. «Для того, чтобы во время пресекать и прдупреждать подобные факты, мы на постоянной основе проводим целенаправленные рейдовые и профилактические отработки. Одними из таких мероприятий запланированы с 24 по 28 февраля текущего года в рамках проведения республиканского оперативно-профилактического мероприятия «Скотокрад». В процессе данной работы активно будет проверяться любое перемещение скота, в том числе, перевозимого на транспорте», - сообщил заместитель начальника Управления местной полицейской службы ДП Алматинской области майор полиции Меир Демеубаев. Лица, сопровождающие животных, должны при себе иметь справку формы № 1 выдаваемую согласно приказу министра сельского хозяйства республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 7-1/453 «Об утверждении Правил выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам». Данная справка оформляется и выдаётся в день обращения заявителя, исходя из наличия ветеринарного паспорта и индивидульного номера животного, имеющегося в базе данных по идентификации. Справка действительна до пункта назначения в течение месяца со дня выдачи. Обобщая вышесказанное полицейские проверяют наличие 1) справки формы № 1; 2) Ветеринарного паспорта; 3) Серьги с индивидуальным номером животного. «Принимаемые меры позволили улучшить раскрываемость этого вида преступлений по сравнению с 2018 годом, на 59,1 % (с 203 до 323), в том числе совершенных в предыдущие года в 2,7 раза (с 53 до 144). В результате активной работы полиции, задержано и привлечено к ответственности 76 преступных групп, которым доказана причастность к совершению 148 краж скота. Кроме того, возмещаемость причинённого ущерба составила 34,9% против 14,4% в 2018 году. В цифровом выражении в 2018 году сумма возмещения ущерба составила 64 750 000 тенге, в 2019 году – 117 582 000 тенге», добавил майор полиции Меир Демеубаев. Пресс-служба ДП Алматинской области