"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады

Primary tabs

Ақп 20, 2020 / 0 комментарии

"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады
Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті.
Біздің диқандар жыл сайын 14 мың гектарға қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып, қант өндіруді - 51 мың тоннаға жеткізген.
Қазір инвесторлармен бірлесіп, тростник шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарын жаңғырту қолға алынуда. Бұл зауыттардың жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мал шаруашылығына келетін болсақ, мал мен құс басы, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.2019 жылы "Империя Фуд" және "Қайынды" екі ірі ет комбинаты іске қосылып, сегіз мың тонна ет экспортталған болатын.
Қазіргі таңда, Германиядан келген инвесторлармен "Жетісу қой" жобасын іске асырумен және Іле, Ұйғыр аудандарында үш құс фабрикасын іске қосумен экспортты жылына 25 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек жалпы инвестиция көлемі 190 млрд.теңге болатын америкалық "Тайсон фудс" компаниясының етті өңдейтін ірі зауыты жобасын іске асыру көзделіп отыр.Олардың қуаты жылына 500 мың басты өңдеуге және төрт мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай ірі жобаларды іске асыру үшін суармалы жерлер қажет. «Ирригациялық желілерді қалпына келтіру бойынша 40 млрд.теңгеге жобалық-исметалық құжаттама дайындалған, оның ішінде 19 млрд. теңгесі Ислам Банкімен қаржыландырылғаны белгілі болды. Қазір Ақсу, Алакөл, Ескелді және Көксу аудандарында ирригациялық желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде»,- деп толықтырды Амандық Баталов.
2019 жылы 20 мың га суармалы жер қалпына келтірілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту аяқталды, енді желі салу басталғалы жатыр.Облыс бойынша 2025 жылға дейін 138 мың га суармалы жер тартылады деп жоспарланып отыр. Белгіленген жобаларды іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мультипликативті әсермен қуатты серпін береді.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін бір трлн.дейін жеткізу көзделген.

https://www.instagram.com/ile_akimat/