Қарасай ауданында заңсыз арақ шығарған цех табылды

Primary tabs

Ақп 28, 2020 / 0 комментарии

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қымбат маркалы ішімдіктердің түрлерін өндіріп келген астыртын цехті анықтады, деп хабарлайды Kaskelen.kz Алматы облысының Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

 

30 - дан астам марка түрлерін, соның ішінде: «Беленькая», «Воздух», «Зерно», «Айдабульская» және т.б спирттік сусындар жалға алынған пәтерде өндіріп отырған. 

Жасырын цехты тексеру кезінде дайын алкогольдік өнімнің 800-ден астам бөтелкесі, шығу дерегі күмән тудыратын акциз маркалардың 2100 данасы, көлемі 160 литр болатын спирт, бос бөтелкелер мен қақпақтар, сонымен қатар алкогольді өнімді дайындауға және құюға арналған 25 литрлік бөшке анықталып, тәркіленген.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, спирттік сусындар нарықтағы құннан арзандау бағамен Алматы мен Алматы облысының аумғында сатылып келген.

 

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 233 (акциздеуге жататын тауарларды белгілеу тәртібі мен ережесін бұзу) бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.