Пост-бекетке соғылған жүргізуші қамалды

Primary tabs

Сәу 04, 2020 / 0 комментарии

Полиция бекетіне соғылған жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес – Билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша айып тағылды.

Ұсталған азамат қазір уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң оған қатысты нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар, ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, сондай-ақ жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 2 сәуір күні Көксай ауылындағы №4 блог-бекетте орын алған болатын. 50 жастағы жергілікті тұрғын ішімдікке сылқия тойып алып, бекеттің темір қоршауын қағып өтіп, бекет жанында тұрған үш көлікке соғылған. Оның ішінде тәртіп сақшыларының қызметтік көлігінде отырған Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкері дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.