Бірінші Май округінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды
Primary tabs
Бірінші Май ауылдық округінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен қорғаныс заттары таратылды, деп хабарлайды Kaskelenkz.
Республика көлемінде өтіп жатқан "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз" акциясы Қарасай ауданында да жалғасын табуда.
Бүгін ауданға қарасты Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаевтың ұйымдастыруымен көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен алғашқы қорғаныш құралдары тарту етілді.
Акцияға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Барлығы 22 отбасы қамтылды. Алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасын табатын болады.