Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың арасында жүкті әйел бар

Primary tabs

Мау 01, 2020 / 0 комментарии

Алматы облысында  COVID-19 инфекциясының тағы 8 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 5-і  Талдықорған қаласында, 3-і Алакөлде анықталған.  

2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990  жылдары туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған. 

Ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқастанғаны профилактикалық тексеруден өту барысында белгілі болған.

Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында  коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген.

Нұргүл Әлменбетова