"Жетісу" телеарнасында - жаңа басшы
Primary tabs
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың шешімімен белгілі тележурналист, публицист, зерттеуші Серік Әбікенұлы Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.
Серік Әбікенұлы Сарыбаев «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда бас редактор, директордың Орынбасары қызметтерін атқарған.
Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан.
2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды.
«31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550 жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2014 жылдан осы күнге дейін "Жетісу" телеарнасы директорының бірінші орынбасары болды.
Аймақтық арнаның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов таныстырды.
Аймақтық арнаның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов таныстырды.
Көпшілік Серік Әбікенұлын Бейсен Құранбектің бастамаларын абыроймен жалғастыратынына, көтерген туын биік ұстап тұра алатынына зор сенім білдірді.