Жыл басынан бері Қарасай ауданында жол-көлік оқиғаларында 13 адам қаза болған

Primary tabs

Мау 12, 2020 / 0 комментарии

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында қарасайлық тәртіп сақшылары үнемі жүйелі жұмыс жүргізіп тұрады.

Қарасай аудандың ПБ патрульдік полиция бөлімшесі жыл басынан бері бірнеше жедел-алдын алу шараларын өткізді. Оның ішінде "Автобус", "Жаяу жүргінші", "Қауіпсіз жол" рейдтік шаралары да бар. 

Осындай алдын алу шаралары нәтижесінде 2020 жылдың 5 айында былтырғы жылдың бес айымен салыстырғанда жол бойында орын алған жағдайлар -12,9%-ға (2020 жылы - 297; 2019 жыл - 341) азайған. 

Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері Қарасай ауданы бойынша 3655 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Олардың ішінде 23-і көлікті мас күйінде жүргізгендер. 5 айдың ішінде 127 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 181 адам жарақаттанып, 13 қайғылы жағдай орын алған.

Осы ретте ауданның полицейлері өзіңіздің және өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу үшін жолда жүру ережелерін мұқият сақтауды сұрайды.

 

Нұргүл Әлменбетова

«Kaskelenkz»

 

 

Толығырақ бейнероликте: