Қырғызстанда бір тәулікте 192 адам коронавирус жұқтырды

Primary tabs

Мау 20, 2020 / 0 комментарии

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда бүгін COVID-19 жұқтырған 192 жаңа жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Қырғыз бас санитар дәрігері, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев, айтуынша бір тәулікте 13 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталған. «Соңғы тәулікте 1 медицина қызметкері жазылып стационардан шығарылды. Жалпы алғанда 546 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған, олардың 382-сі сауығып шықты», - деді Н.Үсенбаев. Қырғызстанда 20 маусымда COVID-19 жұқтырған 192 жаңа жағдай тіркелді. Елде ауруға шалдыққандар саны – 2981. Ауруханадан 1981 науқас емделіп шықты. 35 адам коронавирустан көз жұмды.

Дереккөз:https://www.inform.kz/kz