Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы айтты

Primary tabs

Мау 24, 2020 / 0 комментарии

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты.

«Осы күндері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің айтқан кеңесін ұстанып, оқшаулану режимін сақтауда», - деп жазды Айдос Үкібай twitter парақшасында.

Сондай-ақ ол Елбасының Мәскеуде өткен Жеңіс парадының тікелей көрсетілімін тамашалағанын айтып өтті. «Өкінішке орай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда Елбасы парадтың тікелей көрсетілімін тамашалады», - деді.

Дереккөз:https://24.kz/kz/