27 маусымда елордадағы ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Primary tabs

Мау 26, 2020 / 0 комментарии

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қаланың санитарлық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысымен елордалық ХҚКО-лар 27 маусым күні өз жұмысын уақытша тоқтатады.

Аталған күнге жасалған бронь жарамсыз болып табылады. Кезекті басқа күнге қайта броньдау керектігін ескертеміз.

Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы броньдай алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды 23 маусымнан бастап 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдап жатқанын еске сала кетейік.

Дереккөз:https://24.kz/kz/