Биылғы оқу жылын бастаудың үш нұсқасы жарияланды
Primary tabs
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биылғы оқу жылын бастауға қатысты үш нұсқа әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, үш негізгі нұсқа әзірленді. Бірінші нұсқа – қашықтан оқыту. Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде, қалғанының бәрі қашықтан оқытылады. Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту. Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс», - деді министр.
Оның айтуынша, үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала сабақты жалғастыру. Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары ескеріледі.