Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Primary tabs

Шлд 21, 2020 / 0 комментарии

Үкімет қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.  

2010 жылдан 2014 жыл аралығында Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті. 

2014-2016 ж. ж. аралығында ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды. 

2016-2017 ж. ж. - «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы.

2017-2018 ж. ж. -  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.