Қарасайда мектеп директоры пара алған
Primary tabs
Биыл 6 мектеп директоры, 2 балабақша меңгерушісі және 2 колледж директоры сотталды, деп хабарлады еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.
Сыбайлас жемқорлық фактілерін көбінесе оқу орындарының басшылары жасайды, олар өздеріне жүктелген сенімді пайдаланып, бюджет қаражатын талан-таражға салып (қаражатты өздерінің карточкалық шоттарына заңсыз аудару, жалған жұмысқа орналастыру, орындалған жұмыс актілеріне қол қою және т.б.), пара алады (мектепке кіргені үшін, жұмысқа қабылдау, орындалған жұмысты қабылдау актісіне қол қою үшін және т.б.).
Өткен аптаның ішінде білім беру саласында 10 сотқа дейінгі тергеу тіркелген. Өкінішке орай, олардың қатарында Қарасай ауданы да бар. Нақты айтқанда:
2020 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен аталған ауданның Үштерек ауылының орта мектеп директоры Ж.Ш. Қашқынбаеваға 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ол аталған мектепке мұғалім ретінде жұмысқа орналастыру үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген...