Құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерін еске алу күні

Primary tabs

Қар 18, 2020 / 0 комментарии

Жыл сайын 12 қарашада Қазақстанда құқық қорғау қызметінің қызметкерлері арасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу күні өткізіледі. Бұл күн қайғылы, әрі ерлікпен қаза тапқан «Халық Қаһарманы» атағы берілген полиция капитаны Г.Байтасовтың қайтыс болған күні.

ҚАЖ қызметкерін еске алу мақсатында ОВ-156/14,15,16 мекемелерінің кадр аппаратының өкілдері ОВ-156/6 мекемесінде қызмет атқарған марқұмның әйеліне барды. Мекемелердің жеке құрамы қажетті азық-түлік пен Шалкар Сарсекановтың ұлына қысқы комбинезон сатып алу үшін ақшалай қаражатты жиналды.

Шалкар - ең жақсы қызметкерлердің  бірі, спортшы және адал отбасылы адам болды. Қызмет барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, спортта жүлделі орындарға ие болған. Осыған қарамастан, Щалқар кезекті күрес бойынша жарыстан жеңіспен үйге қайтып бара жатқанда сұм ажал оның өмірін бір-ақ сәтте қыйды.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

Оның баласы, ұрпағын жалғастырушысы және мұрагері Ахметқали Мансұр анасының айтуы бойынша әкесінің ізімен жүріп, полиция қызметкері болуды армандайды. Қазір ол 2 сынып оқушысы, көптеген конкурс пен жарыстардың жүлдегері.

Қайтыс болған қызметкердің әйелі қолдау көрсеткен барша құқық қорғау қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғысын айтты.

 

Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда түрлі жағдайларда ІІМ-нің 2 264 қызметкерлері бақилық болды. Әсіресе олар өздерінің жоспарлары мен үметтерін жүзеге асырал, жас кезінде, бейбіт уақытта өз халқы мен Отаны үшін өмірлерін қиылғанын ұғыну қиынға соғады. Бізде құқық қорғау қызметінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, срндай-ақ құқық тәртібін аиқарушылардың жас буыны осы батырларымызды еске алып құрметтейміз.Олар үшін міндет, Ар-намыс, әділеттік және батылдық ұғымдары жай ғана әдемі сөз емес, ол өмірлік ісі еді.

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қаза тапқан қызметкерлерінің отбосылариын ұмытпай, атаулы күндері барып тұрады.

Олардың есімдері тәртіп қорғау қызметінде жүргендердің жадында мәңгі қалып, жас полиция қызметкерлері үшін ерліктің және қызметтік борыштың тұрарлықпен атқарудың үлгісі болары сөзсіз.