Атырау-Доссор тас жолында болған апаттан бір әйел қаза тапты
Primary tabs
22 қаңтарда күндіз Атырау-Доссортас тас жолының бойындағы жол апатынан бір әйел қаза тапты деп жазады Kaskelenkz тілшісі.Бейресми ақпарат бойынша, Доссордан 10 км шамасында Opel мен "КамАЗ" соқтығысқан. Салдарынан Opel көлігіндегі жолаушы әйел жарақат алып, ауруханаға жетпей қайтыс болады.
ЖКО бойынша тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.Айта кетейік, белгілі қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько балық аулаудан қайтып келе жатып, көлік рөлін басқара алмай қалған. Спортшыны құтқару мүмкін болмады, ал жолаушы ауруханаға жеткізілді.Ведомство ақпарынша, бүгін түнгі сағат екі шамасында полицияға Көкшетау-Бурабай тас жолында көліктің ағашқа соғылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы Бурабай ауылы маңындағы тас жолдың 8 -шақырымында болғанын анықтады.
Mercedes-Benz 500G автокөлігінің рөлінде 38 жастағы спортшы болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Ал көліктегі 37 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.