Пластикалық ота жасатқан Әлішер Каримов адам танымастай өзгерді

Primary tabs

Қаң 25, 2021 / 0 комментарии

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов тағы да пластикалық отаның көмегіне жүгінді. Әншінің жанкүйерлері Kaskelenkz тілшілеріне оның операциядан кейінгі суреттерін жолдады.
Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Әлішер Кәрімов бүгінгі күні Ресейдің Санкт-Петрбург қаласында жүр. Әншіні суретке түсіріп алған табынушылары өнер иесінің тағы бір мәрте пластикалық ота жасатқанын айтты. Олар жолдаған фотода әншінің беті оранып тұрғаны мен мұрны бинтталғанын байқауға болады.
Бұған дейін жасатқан оталарын ашық түрде жариялап келген эстрада жұлдызы бұл жолы іске асырған операциясы жайлы ешкімге тіс жармады. Әлішер Кәрімов желіде тараған бұл ақпаратты әлі өзі ресми түрде растаған жоқ.