Мысыр президенті халқынан туу деңгейін азайтуды сұрады
Primary tabs
Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды деп хабарлайды Kaskelen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасай отырып.
Абдель Фаттахиың айтуынша, елде қазіргідей өсім сақталса, халық саны жыл сайын 2 миллион адамға көбейіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтірмек.
Ал 2052 жылға қарай Мысыр халқының саны 193 миллионға жетеді екен.
"Сондықтан Мысыр үшін ең тиімдісі, жылына 400 мың адамға көбею", – дейді ол.Бірақ билік мәселені қатаң заңмен реттеуге ниетті емес.
Ресми дерекке сүйенсек, қазір Мысыр халқының саны 100 миллионнан асады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде 2020 жылы халқы саны 245 мыңға артып, 18 млн 877 мың адамға жеткенін хабарлаған едік.
Оның ішінде 11,149 млн адам (59,1%) қалалық болса, 7,727 млн адам (40,9%) ауылдық