Ақтөбетте студенттер арасында төбелес болып, біреуі пышақтан жарақат алған
Primary tabs
Ақтөбе Автожол колледжінің екі оқушысы үйінің ауласында төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ салған деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, оқиға 10 наурыз күні болған.
Ақтөбе автожол колледжінің екі студенті өзара сөзге келіп, бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.
Осы жайттан кейін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыстағы білім мекемелерінің басшыларын шұғыл жинаған.
Олар Автожол колледжінің студенттері мен ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізген.
"Жастар ортасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектеп пен демалыс мекемелерінің бастапқы міндеті болып табылады", - дейді Ардана Саймағамбетов.