Алматы облысының тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Primary tabs

Нау 16, 2021 / 0 комментарии

2004 жылы дүниеге келген жеткіншек 2021 жылдың 12 наурызында Жамбыл ауданынан үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған. Баланың жоғалғаны туралы өтініш түсе салысымен барлық полиция бөлімдеріне бағдар жолданды.

Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкері Даурен Курманказиев із-түзсіз жоғалған жасөспірімді бір күннен кейін Есік қаласы көшелерінің бірінен байқап, оны ата-анасына аман-есен табыстады. Өз кезегінде есен-сау табылған баланың ата-анасы жедел әрекет еткен полицейлерге ерекше ризашылығын жеткізді.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы болуға және мұндай деректер туралы дереу хабарлауға шақырады. Себебі, сіз неғұрлым тез хабарласаңыз, сол адамды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады дейді тәртіп сақшылары.