"Мен оның етін жеген жоқпын" Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдіктінің айтқан бірінші жауабы
Primary tabs
Аяжан Еділованың өлімінен кейін екі аптаға жуық уақыт өтті. Оқиғаның егжей-тегжейін Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтып берді деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
⠀
Күдікті полицейлерге айтқан бірінші сөзі "Мен оның етін жеген жоқпын" болыпты. Криминалистер тоңазытқыштан марқұмның терісін, қаптардан оның ішкі ағзаларын тапқан. Бұған қоса, күдікті бойжеткеннің басын қазанға салып қайнатқаны да расталды.
⠀
"Тек бас сүйегі ғана қалған. Қыздың денесінің кейбір бөліктерін күдікті түнде такси шақыртып, Бостандық ауданындағы Ә. Кекілбаев көшесіндегі қоқысқа тастаған. Мәйіттің қалған бөліктері пәтерден табылды", - деді Әбдірахманов.
⠀
Сонымен қатар, ол күдікті өз кінәсін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. "Әлеуметтік желі арқылы танысып, бойжеткенді алдап, үйіне әкеліп алған. Аяжанның жұмысына такси шақыртып, үйінен шығып, жолға ақшаны өзі төлепті. Артынша үйде екеуінің арасында жанжал туып, күдікті қызды белдікпен қылқындырып өлтірген", - деп қосты ол.
⠀
Күдікті марқұмның денесінен қалай құтылу керектігін интернеттен тапқан, дейді полицей. "Өлтірген соң бір жарым сағат не істерін білмеген. Түрмеден қорыққандықтан, мәйіттен құтылуға бел буған. Интернеттен қыздың денесін қалай құрту керек деп іздеп оқыған. Сосын ас үйдегі пышақпен оның денесін қонақ бөлмесіндегі еденде бөлшектеген", - деді тәртіп сақшысы.
⠀
"Оның психикалық жағдайы туралы сарапшылар баға береді. Менің ойымша, оның есі дұрыс, жаза қолданылатынын біліп отыр. Кейіннен анықталғандай, ол Құранды жетік меңгерген. Алдағы уақытта дінге берілмекші. Күдікті тергеу кезінде егер аман-сау түрмеден шықса, жастарды оқытамын дейді. Өзінің қателігін еске алып, оны басқалары қайталамас үшін күш жұмсамақшы", - деді Әбдірахманов.