Шамалғанда медіресе салынады

Primary tabs

Сәу 04, 2021 / 0 комментарии

Таяуда Шамалған ауылында медресе бой көтермек. Бұл туралы округ әкімі Ержас Токтасынов өз әлеуметтік парақшасында жазды.
Атқамінер азаматтар, тағы бір жақсы бастама көтеріп, Қарасай батыр мешітінің аумағынан медресе салуды қолға алғанын жеткізген әкім, жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
Жазбадағы мәліметке қарағанда, жоба бойынша 4000 шаршы метрлік, 300 балаға арналған медресе 40 соттық жерге салынады.